Кешкі шығарылым RADIO ALTAY
Сәлеметсіздер ме құрметті радиотыңдаушылар! «Алтайньюс» сайтындағы «Алтай» интернет-радиосының жаңалықтарын тыңдаңыздар.
Өскемендегі «Алтай» технопаркінде облыс әкімшілігі мен Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ұйымдастыруымен «Инновациялық технология-өңірлік агроөнеркәсіп кешенін сапалы дамытудың басты бағыты» атты семинар-кеңес өтті. Бұл жиында университет ғалымдарының агроөнеркәсіп кешенін жаңғырту, саланы әртараптандыру, ауыл шаруашылығы құрылымдарының бәсекелестік қабілетін арттырып, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстарының нәтижелері кеңінен баяндалды.
Ұлан ауданының Мамай батыр ауылында дүбірлі той болды. ХVІІІ ғасырда елі мен жерін аттан түспей қорғаған Мамай батырға арнап ұрпақтары Марат Мұзапаров бастаған азаматтар ас беріп, батырдың мүсінін орнатты. Ауданның өнерлі қыз-жігіттері ән-жырдан шашу шашса, «Ел қорғаған Мамай батыр» кітабы көпшілікке таратылды. Сондай-ақ сом білекті балуандар мен көкпаршылар сайысы тойдың ажарын аша түсті.
Риддер қаласында жабық хоккей модулінің құрылысы басталды. Бұған «Казцинк» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қаржы бөліп отыр. Қазіргі уақытта жер телімінде іргетасын құю жұмыстары жүргізілуде. «Өскемен Технострой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мамандары жоспарға сай өздеріне жүктелген құрылыс жұмыстарын желтоқсан айында аяқтап, кезекті құрастыру жұмыстарын «Имстальком» фирмасына тапсыруы тиіс.
Енді Өскеменнің тұрғындары қаладағы экологиялық ахуалды арнайы сайттан онлайн режимінде көріп, біле алатын болды. Экологиялық қауіпсіздік орталығы мен Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті мамандарының бірігіп жасаған «Эко болжам» бағдарламасы осындай мүмкіндікке қол жеткізбек. Бағдарлама «Менің қалам» қорынан бөлінетін бес миллион теңге қаржының көмегімен жүзеге асырылмақ.

Таңертеңгі шығарылым RADIO ALTAY
Сәлеметсіздер ме құрметті радиотыңдаушылар! «Алтайньюс» сайтындағы «Алтай» интернет-радиосының жаңалықтарын тыңдаңыздар.
«Қазақмыс» корпорациясы қомақты қаржы бөліп, Бородулиха ауданының Жезкент кентінде көптеген спорт нысандарын салып, іске қосты. Жаңа үлгідегі хоккей корты ашылды. Мұнда жаз мезгілінде футбол ойнауға болады Сондай-ақ №1 орта мектептің жанынан үлкен теннис алаңын салып берді. Бұған қоса ескі футбол алаңы жаңартылды. Қазіргі кезде корпорация есебінен қаржы бөлініп, «Металлург» мәдениет ошағына жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Бесқарағай ауданында облыстың Достық үйі мен Халықтар Ассамблеясының қатысуымен мәдени-көпшілік іс-шаралар өтті. Оған 10 ауылдық округтің тұрғындары қатысты. Қол өнерімен айналысушылардың көрмесі ұйымдастырылып, соңы мерекелік концертке ұласты.
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында биылғы жылы Зайсан қаласындағы бес көшені жөндеуге арналған екі жылдық бағдарламаға 100 млн. теңге қаражат бөлінді. Абай, Жеңіс, Баитов көшелері жартылай жөнделіп, асфальт төселді. Осы қомақты қаражаттың 15 млн. теңгесі ақын Нұрлан Мәукенұлы атындағы көшенің жөнделуіне жұмсалды.
Биыл Зырян ауданынындағы егде адамдардың денсаулығын жақсартып, тынығулары үшін «Уба» шипажайына 84 жолдама, «Бура» шипажайына 18 жолдама бөлінді. Жыл басынан бері «Бура» шипажайында үш мүгедек бала және 8 мүгедек барып, емделіп қайтты. Зейнеткерлер мен мүгедектерге «Уба» шипажайына 61 жолдама берілді.
Күршім ауданның белсенді жастары «Айқын мақсат, асқақ арманға он қадам» атты семинар-тренингке қатысты. Өмірде кездесетін кедергілер, одан шығу, жетістікке жету жолдары талқыланды. Осы жиында жастардың бір-бірімен келісіп, айқын мақсатпен асқақ арманға жетудің 10 қадамын өздерінше құрап шығарды.