KZ
Өскемен
+22°
ясно жел 3 м/с, Ю
440.92 475.36 4.82

RADIO ALTAY жаңалықтары - 29 тамыз 2012 жыл

28.08.2012, 18:00 117


Кешкі шығарылым RADIO ALTAY



Сәлеметсіздер ме құрметті радиотыңдаушылар! «Алтайньюс» сайтындағы «Алтай» интернет-радиосының жаңалықтарын тыңдаңыздар.

Кеше Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бастамасын қолдай отырып жалпыреспубликалық «Мектепке жол» және «Болашақ бүгіннен басталады» акциялары шеңберінде облыстық Балалардың құқықтарын қорғау департаменті аз қамтылған, көп балалы отбасы балаларын мектепке дайындауға жәрдем көрсету мақсатында «Жақсылық жасауға асығайық!» ұранымен ауқымды іс-шара өткізді

Семей қаласында «Ядролық сынақтарға тыйым салудан - ядролық қарусыз әлемге» атты халықаралық форум өтті. Әлем елдерін жаппай қырып-жою қаруын қолданбауға үндейтін жиынға дүниежүзінен 75 елдің өкілдері қатысты

Жуықта Ресейдің Алтай өлкесі, Монғолия, Қытай, Қазақстан арасында арасында ұйымдастырылған «Алтай – алтын тау» атты туристік экспедиция Зайсанда болып қайтты.

Курчатов Қалалық кітапханада биылғы Олимпиада ойындарына арналған «Әлемдік спорт өмірі» атты тақырыптық сөре ұйымдастырылды. Сөреге Олимпиада ойындарының тарихы туралы басылымдар қойылды.


Таңертеңгі шығарылым RADIO ALTAY



Сәлеметсіздер ме құрметті радиотыңдаушылар! «Алтайньюс» сайтындағы «Алтай» интернет-радиосының жаңалықтарын тыңдаңыздар.

Кеншілер күнін осы сала еңбеккерлері облыс орталығындағы «Восток» стадионында атап өтті. Мерекелік концертке қала тұрғындары шақырылды.

Астана қаласындағы «Жұлдыз-ай» корпоративтік қорының қолдауымен облыстық балалардың құқықтарын қорғау департаменті және облыстық білім басқармасы Өскемендегі «Металлургтер саябағында» ерекше қамқорлыққа мұқтаж балалар үшін «Мектепке – жол» акциясын өткізді.

Жамбыл атындағы облыстық драма театрының қазақ труппасы Башқұртстан астанасы Уфада өтетін «Туғанлық» атты V халықаралық өнер фестиваліне шақырту алды.

Өскеменде облыс соттарының судьялары мен кеңсе апараттары қызметкерлерінің арасында шағын футбол, волейбол, үстел теннисі, бильярд, шахмат және дойбы сяқты спорт түрлерінен Конституция күніне арналған «кіші спартакиада» өтті.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив