KZ
Өскемен
+2°
небольшая облачность жел 0,6 м/с, С
478.16 534.92 5.18

Марал мен ара санын арттыру қажет

13.08.2012, 18:00 110


Облыс Әкімі Солдатово ауылына қарасты «Калинин» серіктестігінде болып, аталмыш қожалықтың рапс егілген алқаптарын көрді, сол маңда өңір шаруаларымен кездесу өткізді. Өлкеде биыл жауын-шашын аздау болса да, егін бітік шығыпты.

Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы Рақымғали Байгереевтің айтуынша, ауданда 1400 гектар жерге рапс егілген. Себебі, қазіргі кезде рапс майы үлкен сұранысқа ие болып отыр, оның үстіне бұл дақыл топырақтың құнарлығын арттыратын көрінеді.

Ағымдағы жылы Катонқарағай ауданының егістік алқаптары алты пайызға кеңейіп, 70 мың гектарға жеткен. Жағар-жанармай жөнінен мәселе жоқ, шаруа қожалықтарының иелігінде 170-ке жуық комбайн бар, олардың үштен бірі – жаңа. Күн ашық болса, астықты екі аптаның ішінде төкпей-шашпай жинап алуға болады. Жаз басындағы жаңбырлардың арқасында егіннің шығыны да жаман емес, әсіресе, күнбағыс биыл жақсы өсіпті. Орташа алғанда гектарынан 14 центнер астық түспек.

Облыс Әкімі ауданда сұранысы жоғары соя, қарақұмық, асбұршақ және рапс сияқты дақылдар үлесінің артып келе жатқанын оң бағалады. Синоптиктер биыл күз ерте түсіп, қыс қатал болады деп болжауда. Осыған орай аймақ басшысы астықты дер кезінде шығынсыз орып алу қажеттігін ескертті.

– Біз қазір мемлекеттік азық-түлік корпорациясымен өсірілген өнімді өз өңірімізде сақтап, қайта өңдеу жөнінде келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Менің ойымша, қазір астықты сатуға асықпаған абзал. Көптеген елдерде, көршілес өлкелерде осы жылы құрғақшылық болды, енді өнімнің бағасы да қымбаттауы мүмкін, – деді аймақ басшысы.

Ауданда егін шаруашылығымен қатар, мал басын ұлғайтуға да мән берген жөн. Дәл қазір шаруалар қысқа молынан жететін жемшөп қорын дайындау үстінде.

– Катонқарағай ауданының брендіне ай-налған марал және омарта шаруашылығын дамытуға жіті назар аударып отырмыз. Облыс аталмыш салаларды дамытуға субсидия бөліп келеді. Алдағы уақытта республикалық бюджеттен де қосымша субсидия беріледі. Ендеше, марал мен ара санын арттыру қажет. Бағасы өсіп, сұранысы көбейіп отырған қымыз өндірісін де дамыту керек, - деді облыс Әкімі.

Алға қойылған басты міндет – ауылды қолдауға бағытталған барлық бағдарламалар толық көлемде жүзеге асырылуы тиіс. Шаруалар мемлекет ұсынып отырған мүм-кіндіктерді пайдалануы керек. Әсіресе, жұмыспен қамтуға және ауылдық несие серіктестіктерін құруға қатысты бағдар-ламалар тұрғындарға аса қолайлы.
Жүздесу кезінде шаруалар аймақ басшысына өздерін толғандырған сауалдарын қойып, тұщымды жауаптар ала алды. Олар ауыл шаруашылық жерлерін қайта түгендеу, шаруашылықтарды ірілендіру, мал шаруашылығы өнімін қабылдайтын орталықтар ашу, субсидия бөлуде қосымша жеңілдіктер жасау сынды мәселелерді тілге тиек етті.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив