KZ
Өскемен
+6°
ясно жел 1 м/с, В
479.05 534.57 5.17

RADIO ALTAY жаңалықтары - 23 шілде 2012 жыл

22.07.2012, 18:00 285


Кешкі шығарылым RADIO ALTAY


Сәлеметсіздер ме құрметті радиотыңдаушылар! «Алтайньюс» сайтындағы «Алтай» интернет-радиосының жаңалықтарын тыңдаңыздар.

Өскеменде жыл сайын дәстүрлі түрде жалғасып келе жатқан мүсіншілердің ІІІ халықаралық симпозиумы басталды. Мүсіншілер бір ай бойы облыс орталығында жұмыс істейді. Олар Ұлан ауданынан жеткізілген гранит тастардан мүсіндер жасайды. Мүсіншілердің шығармашылық шеберліктеріне баға беріліп, жүлдегерлер арнайы ақшалай сыйлықтарға ие болады.

Көкпекті ауданы Казнаковка ауылдық округіндегі Асқар Қажығалиев басқаратын «Серік» шаруа қожалығы түйе түлігін өсіріп, шұбат дайындаумен айналысады. Сонымен қатар жаз айларында бие байлап, күніне 60 литр қымыз дайындап, соны саудалап отыр. Биыл «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша үш миллион теңге несие алған қожалық тағы 10 бие сатып алды.

Нығмет Шаухин басқаратын «Нарын» коммуналдық мемлекетік кәсіпорынының ұжымы биыл Катонқарағай ауданы Үлкен Нарын ауылының Назыров көшесіндегі тұрғын үйдің бір жақ бөлігіндегі иесіз қалған алты пәтерді күрделі жөндеуден өткізді. Пәтер кезегінде тұрған осы кәсіпорынның жұмысшылары баспаналы болды.

Семейде «Алтын алқа» және Күміс алқа» белгілерімен көпбалалы аналарды марапаттау рәсімі өткізілді. Бүгінде Семейде 2596 ана осы мәртебеге ие болып отыр. Солардың қатарын тағы да 15 ана толықтырды. Оның ішінде 11 күміс және төрт алтын алқа иегерлері бар.

Үржар ауданы Келдімұрат ауылдық округінде жыл сайын «Асыл мұра» өнер байқауы өткізліп тұрады. Биылғы байқау аясында Шәмші Қалдаяқовтың әндері шырқалды. Аудандық мәдениет үйінен келген қазылар алқасы қатысушылардың өнерлеріне жасқы деген баға берді.

Биылғы «Қазақстан Барысы» турнирінің шешуші сайысы 15-16 қыркүйек күндері Астанада «Сарыарқа» велотрек кешенінде өтеді. Біздің облыстан ақтық сынға Шалқар Жоламанов пен Айбек Нұғымаров қатысады.


Таңертеңгі шығарылым RADIO ALTAY


RADIO ALTAY жаңалықтары - 23 шілде 2012 жылСәлеметсіздер ме құрметті радиотыңдаушылар! «Алтайньюс» сайтындағы «Алтай» интернет-радиосының жаңалықтарын тыңдаңыздар.

Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты Нұртай Сабильянов Тарбағатай ауданда болып, тоғыз ауылдық округінде және шекара бекетінде сайлаушылармен кездесу өткізді. Сонымен қатар тірек ауылдары Жәнтікей мен Ақжарда атқарылып жатқан жұмыстармен танысып қайтты. Кездесуге 600-ден астам ауыл тұрғындары қатысып, 160-қа жуық өзекті деген сауалдарын қойды.

Ақсуат ауылында Тарбағатай ауданы жастарының VII-ші форумы болды. Жиын барысында «Мемлекетіміздегі жастар саласына байланысты қабылданған бағдарламалардың орындалу деңгейі қандай?» атты тақырыпта пікірсайыс, шағын футбол және үстел теннисінен жарыс өтті.

Көкпекті ауданы Теректі ауылында «Туған жерге тағзым» акциясы аясында ауданның ірі кәсіпкері Ержан Қойгелдиннің жеке қаражатына салынған мешіттің ашылуы болды. Мерекелік шара қайтыс болғандарға арналған аспен, концерттік бағдарламамен және би кешімен аяқталды.

Ұлан ауданының орталығы Қасым Қайсенов кентінде Алматы қаласынан келген «Керемет» театры өнер көрсетті. Театр жетекшісі - Марқа өңірінің тумасы, «Бауыржан-шоу» театрының бұрынғы режиссері Алмат Сақатов. Көрермен назарына «Сабыр, сабыр» атты бағдарламада әртүрлі әндер, билер, әзіл-сықақ интермедиалары ұсынылды.

Ресей Федерациясының Якутск қаласында «Азия балалары» халықаралық спорт ойындары мәреге жетті. Боксшылар арасында Катонқарағай ауданы Үлкен Нарын ауылының тумасы Аян Қалибеков 63 келі салмақ дәрежесінде үздік өнер көрсетіп, алтын медальмен марапатталды.

Бесқарағай ауданындағы Шошқалы көлінің жағалауында балаларға арналған шатырлы лагерь ашылды. Балалар мұнда тамыз айының аяғына дейін демалады.





Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив