KZ
Өскемен
+15°
ясно жел 1 м/с, С
479.05 534.57 5.17

RADIO ALTAY жаңалықтары - 27 шілде 2012 жыл

26.07.2012, 18:00 243


Кешкі шығарылым RADIO ALTAY


Сәлеметсіздер ме құрметті радиотыңдаушылар! «Алтайньюс» сайтындағы «Алтай» интернет-радиосының жаңалықтарын тыңдаңыздар.

RADIO ALTAY жаңалықтары - 27 шілде 2012 жылЛондон олимпиадасына Шығыс Қазақстан облысынан барлығы алты спортшы қатысады. Қазақстан спортшылары жарысты 28 шілде күні бастайды. Еліміздің намысын жеңіл атлеттер Ольга Рыпакова, Анастасия Сопрунова, грек-рим күресінің балуаны Дархан Баяхметов, дзюдошы Еркебұлан Қосаев, боксшы Данабек Сужанов, ескек есуші Рафаэль Вергоязов қорғайды.

Риддер қаласының әкімі Сапарғалиев, «Д.Қонаев» мешітінің бас имамы Исмайлов бастаған отызға тарта қала тұрғыны Өскемендегі салынып жатқан орталық мешіттің құрылысына көмек көрсетті. Олар өздеріне бекітілген орындарда жұмыс істеп, ораза айт мерекесі қарсаңында ашылатын жаңа мешіттің құрылысын жеделдетуге өз үлестерін қосты.

Қытай Халық Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің агротехникалық жалпыластыру орталығының агрономы Жу Жин Чуан бастаған делегация Аягөз ауданына келді. Іссапар мақсаты-екі елдің шекаралас жатқан аудандарында егінге зиянды жәндіктермен бірігіп күресу үшін тәжірибе алмасу болып отыр. Олар шекараға жақын орналасқан елді мекендерді аралап көрді.

Күршім ауданы Маралды ауылдық округіндегі Лұқсанбек Оразаев басқаратын шаруа қожалығының иелігінде 120 жылқы, 70-тей ірі қара, 200-дей қой бар. Шаруашылық ұжымы шынжыр табанды және доңғалақты тракторларын, шөп шабатын, жинайтын агрегаттарын тиімді пайдалана отырып, 100 гектар шабындық алқабында қысқы маусымға мал азығын дайындап жатыр.

Әлия Байсағатова мен Қанат Жүнісовтың отбасылық «Әзиза» шаруашылығы Ұлан ауданы Бозанбай ауылдық округіне қарасты аумақта бие байлап, қымыз ашытып, бағалы сусын дайындап жатыр. Олар күніне 30-35 литрге дейін қымызды бабына келтіре ашытып, тапсырыс берушілеріне өткізуде. Олар қазір жеті бие сауып отыр. Алдаға уақытта биелердің санын көбейтіп, қымызды молынан өндіру мүмкіндіктерін де қарастырып жатыр.





Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив