KZ
Өскемен
+6°
ясно жел 4 м/с, З
483.23 534.74 5.12

Шығыс Қазақстан қорықшыларына құрмет көрсетілді

21.07.2012, 18:00 74


Риддер өңіріндегі Батыс Алтай мемлекеттік қорығының құрылғанына 20 жыл толды, деп хабарлайды Altaynews.kz меншікті тілшісі.

Бұл қорық – табиғи ерекшелігімен бірден көз тартатын аса көрікті жерлердің бірі. Қорықты мекендейтін құстар мен аңдардың, өсімдіктердің көптеген түрлері Қазақстанның Қызыл кітабына енген. Ал қорық ұжымы біздің өңірдегі жаратылыстың қайталанбас құндылықтарын сақтаумен айналысда.

Қорық құрылғаннан бергі аралықта мұндағы күзет бөлімінің қырағы қызметі және қолданыстағы қуатты техникалардың арқасында өрт қаупі болған емес. Күзетшілер сонымен қатар қорықтың климаттық райын бақылап, аңдар мен құстардың есебін жүргізіп, мәліметтерді арнайы күнделікке жазып отырады.

Қорықтың табиғатын тамашалап, демалуға тек Қазақстаннан ғана емес, ТМД елдерінен, алыс шетелдерден де туристер көптеп келуде. Осыған орай қорықтың төңірегін жаяу жүріп аралайтын ғылыми-танымдық туристік саяхат бағыттары ұйымдастырылған. Мұндай серуендер туристердің елімізге, жерімізге деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыра түсуде.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив