KZ
Өскемен
-6°
ясно жел 1 м/с, С
478.54 533.76 5.17

ШҚО болжау және сараптау институтында волонтерлерге арналған семинар өтті

1.07.2012, 18:00 100


Ерікті болып еңбек етуге бола ма? Осындай тақырыпта болжау және сараптау институтында өткен екі күндік семинардың мақсаты – волонтерлер, яғни, еріктілер еңбегін еселендіру, деп хабарлайды Altaynews.kz меншікті тілшісі.

«Ерікті еңбек мәдениеті бойынша әлеуметтік қызмет» жобасының аясында өткен бұл шара «Исток» балалар мен жастар шығармашылығы орталығы және облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды.

Бүгінгі жұрт еріктілердің атын естігенмен олардың қоғамда атқарар рөлінің байыбына бармайды. Семинар тренингтің міндеті де – осы. Белсенді, мейірімді, ақкөңіл жас-тарды ерікті еңбек жолының жай-күйімен таныстыру. Бағдарламада облысымыздағы, соның ішінде Өскемен, Семей, Риддер, Зырян қаласының еріктілер тобы қарастырылған. Семинарға қатысқан оқушы және студент жастар екі күндік семинарда «теңбе-тең» ұстанымымен, еріктілерге ақыл-кеңестер беру бойынша сертификат алып шығады. Жастардың бұдан кейінгі міндеті – өздерінің тұрғылықты жерлерімен оқу орындары бо-йынша ерікті топтарға насихат жүргізу.

Алдағы уақыттарда тренингке қатысушылар арасында жастар акциясы бойынша ең үздік жобаға байқау жарияланып, қорытындысы еріктілердің облыстық слетінде шығарылмақ.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив