KZ
Өскемен
+12°
переменная облачность жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

Дәрігерлік кешен Кеңсайға келді

23.05.2012, 18:00 116


Зайсан аудандық медицина бірлестігі биыл республикалық бюджет есебінен құны 85 миллион 500 мың теңге тұратын «КамАЗ» автокөлігін сатып алды. Бұл көліктің басқалардан бір ерекшелігі – жылжымалы мамандандырылған медициналық кешенмен қамтылған.

Осындай заманауи кешеннің көмегімен зайсандық дәрігерлер халыққа қызмет көрсетуін Кеңсай ауылдық округінен бастады. Ауылдық дәрігерлік амбулаторияның алдына жиналған тұрғындармен кездескен аудандық медицина бірлестігінің директоры Жексенбай Тлеуберлин өзінің ізгі тілегін білдірді. Медициналық кешенде әр саланың дәрігер мамандары тұрғындарды қабылдап, дәрігерлік қызмет көрсетті. Осындай қызмет аудандағы барлық елді мекен тұрғындарына көрсетілуде.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив