KZ
Өскемен
+4°
ясно жел 3 м/с, З
483.23 534.74 5.12

RADIO ALTAY жаңалықтары - 07 мамыр 2012 жыл

6.05.2012, 18:00 138


Таңертеңгі шығарылым RADIO ALTAY



Сәлеметсіздер ме құрметті радиотыңдаушылар! «Алтайньюс» сайтындағы «Алтай» интернет-радиосының жаңалықтарын тыңдаңыздар.

Ұлы Жеңістің 67 жылдық мерекесіне орай биыл 1-мамырдан 31-желтоқсанға дейін Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектері пойызбен тегін жол жүретін болды, деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «Алтайньюс» сайтының тілшісі. Майдангерлер Қазақстан Республикасы мен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері аумағында темір жол көліктеріндегі купелік вагондармен тегін жүре алады.

Шығыс Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің қызметкерлері Өскеменге бара жатқан жолда 31 жастағы жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бастығын қолға түсірді. Ұсталған азаматтан бір келіден артық героин тәркіленген.

Шылымды күндізгі 11-ден кешкі 9-дың аралығында сатуға қатаң тыйым салынбақ. Қаржы министрлігі темекінің көтерме және бөлшек саудада емін-еркін сатылымын тежейтін заң жобасын ұсынып отыр. Енді осы қатаң талаптарды жүзеге асыру үшін Парламенттің қос палатасы келісімін беруі керек.

«Ақ көгершін» халықаралық фестивалінде Зайсан ауданындағы саз мектебінің Кенжегүл Калек жетекшілік ететін би үйірмесінің «Гүлдер» тобы жеңімпазы атанып, Германияның Берлин қаласына барып, өнер көрсетуге жолдама алған болатын. Зайсандықтар балғын бишілер мен олардың жетекшілерін Германияға сәт сапар тілеп шығарып салды.

Күршім ауылында спорт кешені салынады. Қазіргі уақытта «ПСК Өскемен-Құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 25 адамнан тұратын бригадасы кешеннің құрылысын жүргізуге кірісіп кетті.

Катонқарағай ауданы Үлкен Нарын ауылдық лицейінде құрылған «Қолқанат» тобы өз қамқорлығына алған жалғыз басты қарияларға көмек көрсетіп жатыр. 9 сынып оқушылары қарттар тұратын үйлердің аулаларын сыпырып, тазартып берді.






Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив