KZ
Өскемен
+18°
пасмурно жел 3 м/с, З
478.96 533.03 5.22

Лондон Олимпиадасында алтын еншілеген спортшыға 250 мың доллар сыйақы беріледі

17.04.2012, 18:00 164



Лондон олимпиадасының алтынын алған спортшыға 250 мың доллар беріледі. Бұл туралы кеше Үкіметтің селекторлық отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне Спорт және дене шынықтыру істері жөніндегі агенттік төрағасы Талғат Ермегияев мәлім етті.

Оның атап өтуінше, 30-шы жазғы Лондон Олимпиадасына жүлделі орындардан көрінген спортшыларға қаржылай сыйақы беріледі. Мәселен, бірінші орынға - 250 мың, екінші орынға - 150 мың, үшінші орынға - 75 мың, төртінші орынға - 30 мың, бесінші орынға - 10 мың, алтыншы орынға 5 мың АҚШ доллары беріледі.

«Үміт артып отырғанымыз - ауыр атлетика. Сонымен қатар өздеріңіз білетіндей күрес түрлері. Атап айтқанда, грек-рим күресі, еркін күрес, әйелдер күресі, дзюдо жақсы дамыған. Боксқа да зор сенім артамыз»,-деді Т. Ермегияев.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив