KZ
Өскемен
+19°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
471.83 505.66 5.4

Алакөл тағы да «мінез» көрсетті

13.04.2012, 18:00 154



Қар ерісімен Қабанбай ауылында қарбалас басталады. Айдынды Алакөлдің жағасын су шайып, жарқабақ тағы құлады. Кейінгі төрт-бес жылда Жарбұлақ ауылына қарай 300 метрдей жылжыған су жағалаудан орын тепкен әсем ғимараттардың талайын «жұтқан».

Жел ебіден ессе, жарқабақ 20-25 метрге дейін, құбыладан соқса 70- 80 метрге дейін ауылға қарай «қадам басады». Ана бір жылдары көлдің ұзындығы 125, ені 50 шақырым, тереңдігі 40-45 метр деген дерек болушы еді. Жергілікті тұрғындар қазір бұған күмәнмен қарайды. Жуырда ғана Алакөл тағы да «мінез көрсетті».

Жағалауды опырып аласұрған көлді облыс әкімінің орынбасары Ж. Мұратов пен аудан әкімі Б. Жанақов келіп көрді. Жалпы, бұл апатты тоқтату үшін оны бекіту жұмыстары бұрын да жүргізіліп, әртүрлі себептерге байланысты тоқтап қалған.
Толқынның аптығын басу үшін екі-үш жерден шегендеуге арналған «пирстер» орнату қажет.

Бұдан кейін жұмыс тобы Қабанбай, Қарабұта, Қайыңды, Егінсу, Жаңа тілек, Лайбұлақ т.б. ауылдардағы басталған мектептердің құрылыс қарқынын барып көрді. Бұлардың көпшілігі әу баста бекітілген кестенің мерзімінен кешігуде. Бәрінен де құрылыс сапасына жете көңіл бөлінуі қажет.

Шынында да, үш-төрт айдан кейін жаңа оқу жылы басталады. Ал салынып жатқан мектеп ғимараттарының кейбіреуінің енді ғана іргетасы қойылуда. Сонда құрылыстың қабырға жұмыстары қашан бітпек? Кесте мерзімінен қалмау үшін бұдан былай жан алып жан беретін құрылысшылар сапасыз жұмыстарға жол беріп қоймай ма? Қалай болғанда да облыс әкімінің орынбасары мен аудан әкімі сұраныстың тегеуірінді болатынын қатаң ескертті.

Мәлімет көзі Altaynews




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив