KZ
Өскемен
+9°
ясно жел 3 м/с, З
483.23 534.74 5.12

Қылмыс өршіп барады

2.04.2012, 18:00 145



Семейде, ең алдымен, өзге қалалардан келіп ұрлық түрлерімен айналысушылардың саны азаймай отыр. Мәселен, бар-жоғы екі-үш күннің ішінде сегіз зейнеткерден барлығы жарты миллион теңгені алдап алып кеткен талдықорғандық алаяқтардың ісі туралы БАҚ өкілдеріне қалалық ішкі істер басқармасының баспасөз қызметі хабарлаған еді.
Наурыздың соңында бір зейнеткерден арыз түседі. Сөйтсе белгісіз екі әйел халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің қызметкерлеріміз деп танысып, әжейге ең алдымен бір қап ұн, бес литр күнбағыс майын тегін бергеннен кейін, қолдарындағы бал толы канистрді ақшаға сатып алуды ұсынады. Қазір ақша шығынданғаныңызбен, алдағы уақытта есесін толтырамыз, банктегі есеп-шотыңызға ақша аударамыз деп өтінеді. Зардап шеккен әжелердің бірінің айтуынша, олар үйге алдап кіріп алғаннан кейін, бірі әжейдің қолынан ұстаған кезде, сәлден соң ол кісі не болғанын білмей есінен танып қалған. Есін жиған соң қараса, олар ұсынған бал үшін бар ақшасын беріп қойғандығын аңдаған. Дегенмен, Өскеменге дейін такси жалдап, «Защита-Алматы» поезына отырып үлгерген талдықорғандық алаяқтардың жолы кесілді. Күдіктілер қазір тергеуде жатыр.
Бәрін айт та, бірін айт Семейде қылмыс түрлері өршіп бара жатыр.Егер 2010 жылы қалада 3 мың қылмыс тіркелсе, 2011 жылы 5 мың қылмыс тіркелген. Қылмыстың ішінде ұрлық түрі 73,8 пайызбен алға шыққан. Ал оны жедел түрде ашу 23 пайызға төмендеп кеткен. көшелерде жасалатын қылмыс түрі 47 пайыз болса, қоғамдық орындарда 64 пайызға жеткен. Облыстың қалалар рейтінгісінде Семей қылмыс түрінің өршуінен төртінші орыннан үшінші орынға көтеріліпті. Атап айтқанда 10 мың тұрғынға шаққанда 180 қылмыстан келіп отыр. Мәселе ушығып кеткендіктен заң бұзушылықты болдырмау және қылмыстың алдын алу жөніндегі қалалық ведомствоаралық комиссия өтіп, ішкі істер басқармасының бастығы Жұмабек Исабилов орын алып отырған күрделі жағдайға ерекше тоқталып өтті.
-Қалада қазір жағдай күрделеніп кетті, әр түрлі дәрежедегі қылмыс түрлері етек жайып барады,-деді ол өз сөзінде,-ауыр қылмыстар саны 16 пайызға өссе, орта деңгейдегі қылмыс 87 пайызды, ал бөтеннің мүлкін ұрлау 88 пайызды көрсетіп тұр. Қалада бір күнде 15 қылмыстық іс тіркеледі. Оның 7-8 шақтысы ұрлық.
Қалалық ішкі істер басқармасының бастығы Жұмабек Исабиловтің айтуынша, бүгінде әрбір үш қылмыстың біреуін Семейге келіп-кетушілер тобы жасайды. Тағы бір бөлігі жұмыссыздар еншісінде көрінеді.
Мәлімет көзі Altaynews




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив