KZ
Өскемен
+21°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, Ю
480.11 532.25 5.14

Семейде енесі мен келіні қосылып алаяқтықпен айналысқан

28.03.2012, 18:00 214


Семейде зейнеткерлерді алдап, бар жиған-тергендерін қалталарына басқан екі әйел қолға түсті. Айналасы бір жұманың ішінде енесі мен оның 30 жастағы келіні жарты миллион теңгені аңғал қариялардан жымқырыпты.

Өздерін әлеуметтік бөлімнің қызметкеріміз деп танысытырып, қарттардың есігін қаққан әйелдер оларға ұн мен балды тегін ұсыныпты. Базарлықтарын берген соң арзан бағаға көмір түсіріп береміз, ақшаларыңызды бізге бере қойыңыз депті. Мұндай “қамқорлық” көрмеген зейнеткерлер еш ойланбастан бар ақшасын күдіктілердің қалтасына салып берген. Тіпті, біреуі 160 мың теңгесін бір-ақ ұстатыпты. Әзірге күдіктілердің осындай 8 іске қатысы бары анықталды. Қарияларды арбаумен ақша тауып жүрген келіні мен енесі Талдықорғанның тумалары екен.

Мәлiметтiң көзi: ktk.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив