KZ
Өскемен
+13°
ясно жел 4 м/с, СБ
483.23 534.74 5.12

Көкпектілік кәсіпкер алаяқ болып шықты

12.11.2013, 18:00 71


Өскемен қаласында құқық қорғау орындарына зейнеткерден шаруа қожалығының басшысы алаяқтықпен 7 500 000 теңге қаржы алып кеткені туралы арыз келіп түскен, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Облыс орталығында тұратын 74 жастағы қарияның айтуынша, Көкпекті ауданындағы шаруа қожалықтарының бірінің басшысы кепілдікке деп алдап, оның жеті жарым миллион теңгесін қағып кетіпті.

Үстіміздегі жылдың 16-сәуірінен бері 60 жастағы көкпектілік кәсіпкер қайтып зардап шегушінің көзіне түспеген. Қазір осы оқиғаға қатысты қылмысты іс қозғалып, алаяқты ұстау шаралары жүргізіліп жатыр.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив