KZ
Өскемен
+17°
облачно с прояснениями жел 2,3 м/с, ОШ
476.27 515.47 5.41

Адамзаттың 10 жылы қалды

2.04.2012, 18:00 165


Адамзатқа салдары жойқын жаһандық экологиялық апаттың алдын алу үшін небәрі он жыл қалды.

Бұл туралы БҰҰ-ның орнықты даму проблемалары бойынша кезекті саммитіне орайластырылған «Ғаламшардың жай-күйі» декларациясы хабарлады.

«Зерттеулер адамзат өркениетінің игілігі үшін соңғы жүзжылдықта атқарылған істердің нәтижесінде душар болған экожүйенің одан әрі тіршілік етуі қатер алдында тұр», - делінген құжатта.

Егер адамзат күш-жігерін біріктірмесе, экожүйенің күйреуіне куә болмақ, деп ескерту жасаған декларацияға қол қойған ғалымдар. Біздің өркениетіміз сусыз және тағамсыз қалады, биологиялық әралуандықтан жұрдай болады, сондай-ақ басқа да ресурстар жоғалу қаупіне ұшырайды.

Соңғы он жылдықта маңызды үш өзгеріс болды. Біріншіден, антропоцен дәуірі басталды, өйткені жаһандық ауқымдағы үдерістер адамдар қолымен жасалды. Екіншіден, Жер үстіндегі көптеген үдерістер бір-бірімен өзара байланысты. Бұл өзара байланыстар инновацияларды енгізуді тездеткенімен кенеттен болатын дағдарыстар адамдарды дәрменсіз күйге ұшыратады. Үшіншіден, қоршаған ортаға бақылаудың қазіргі тәсілдері өзінің тиімсіздігін көрсетті, өйткені климаттың өзгеруіне қарсы тұра алмады және биоалуандықты құрдымға кетіруге әкеп соқты, делінген құжатта.

Жағдайды өзгерту үшін жаңа технологияларды енгізу жеткіліксіз. Құндылықтарды, пікірлерді және мақсаттарды өзгерту қажет. Мұндай ұмтылыс түбегейлі және ауқымды реформаларды қажет етеді, делінген декларацияда.

Мәлiметтiң көзi: ҚазАқпарат




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив