KZ
Өскемен
+17°
переменная облачность жел 3 м/с, ОШ
476.27 515.47 5.41

Уитни Хьюстон өлімінің себептері жария етілді

27.03.2012, 18:00 108


Уитни Хьюстон есірткіге елітіп, ваннадағы суға тұншығып өлді. Мұндай қорытындыны американдық әншінің өліміне тергеу жүргізген Лос-Анджелестің құқық органдары жасады.

Мәлім етілгендей, Хьюстонның ағзасынан кокаин табылды. Әншінің жүрегінің ақауы болғандықтан бұл оны өлімге алып келген факторлардың бірі болды. Комиссия өкілдерінің бірі - Крэйг Харвидің айтуынша, сараптама нәтижесі Хьюстонның есірткіге тәуелділіктен зардап шеккенін көрсеткен.

48 жастағы Уитни Хьюстонның өлі денесі 11 ақпан күні Лос Анджелестегі «Беверли Хилтон» қонақ үйінде ваннада табылды. 19 ақпанда әнші Фэрвью зиратында өзінің әкесі Джон Рессел Хьюстонның жанына жерленді, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

Уитни Хьюстон жиған-терген дүние-мүлкін өзінің 19 жастағы қызы Бобби Кристинаға мұрагерлік етті. Әнші бұл құжатты 1993 жылы 3 ақпан күні, қызы дүниеге келерден шамамен бір ай бұрын жасаған болатын. Құжат әншінің өлімінен кейін Атлантада (АҚШ, Джорджия штаты) жария етілді. Мега әншінің соңғы қалауы бойынша жалғыз мұрагер оның бар ақшасын, сондай-ақ жиһаздарын, жеке заттарын, киім-кешектерін, зергерлік бұйымдарын және автокөліктерін алады. Дегенмен, ақша қаражаттары арнайы қорға салынды. Оларға Бобби Кристина 21 жасқа толғаннан кейін жартылай, ал 30 жасқа толғанда толығымен иелік ете алатын болады.

Мәлiметтiң көзi: ҚазАқпарат




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив