KZ
Өскемен
+2°
ясно жел 2 м/с, В
481.84 531.33 5.07

Өскемендегі субұрқақтардың «репертуары» өзгереді

14.06.2017, 18:00 218


Өскемен қаласының әкімі болып тағайындалғанына бірнеше апта өткен Қуат Тұмабаев БАҚ өкілдерімен алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді.

Қайрат Нұртас, Уитни Хьюстон, басқа да бір топ әншілердің әндерінің әуендері ойнап тұрса... Қалалықтардың осылай деп көптің көз қуанышына айналып, көңілін көтеріп жатқан шаһардағы әнші, биші су бұрқақтардың әуендерін өзгертіп, ана әншінің, мына әншінің айтатын әнінің әуенін қойса деген өтініштерін жеткізіп жатқан жәйі де бар екен.

Керісінше, әкімдікке су бұрқақтың дауысы мазамызды алды, жұмыс істеу мерзімін сағат түнгі 22 дейін етіп қысқартсаңыздар деген тілек, шағымдар да түсіпті. Қала әкімі Қуат Тұмабаев осы мәселеге орай құрылған комиссия нысанға жақын маңдағы үйлердің пәтеріндегі әнші субұрқақтан естіліп тұратын дауыстың 41 децибелге жететінін анықтағанын, ал пәтердегі дауыстың арнайы белгіленген шектеулі деңгейі 50 децибел екендігін, сондықтан су бұрқақ қала тұрғындарының тыныштығын бұзбайтынын айтты.

Қалалықтардың көпшілігінің өтініші бойынша су бұрқақтар түнгі сағат 23 ке дейін жұмыс істеп тұр. Субұрқақтардың «репертуары» да өзгереді, бірақ, сорғы жұмысымен үндесе, біртұтас жұмыс істейтін әуендерді қайта жазып, шығаруға бір айдай уақыт кетеді. Сондықтан жаңа әуенді су бұрқақ бір айдан соң ғана пайда болуы мүмкін.

Жанаргүл Мұқатай




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив