KZ
Өскемен
пасмурно жел 2 м/с, СБ
487.24 529.34 5.02

Шығыстың қыздары шайбалы хоккейден екінші орында тұр

13.03.2012, 18:00 158


Алматының Балуан Шолақ атын-дағы спорт сарайында шайбалы хоккейден әйелдер командалары арасында өткен Қазақстан чемпионаты мәреге жетті.

Жарысқа «Айсұлу» (Алматы), «Устинка» (Өскемен), «Жұлдыз» (Алматы), «Же-ңіс» (Алматы облысы), «Қуат» (Рудный) командалары қатысты.
Бірінші орынға «Айсұлу» мен «Устинка» таласты. Ақтық бәсекеде осы екі команда мұз айдынында сайысқа түсті. Бұл кездесуде алматылықтар айқын басымдылықпен (6:0) жеңіске жетті. Өскемендік хоккейшілер күміс медальды иеленді. Алматының «Жұлдызы» үшінші орынды еншіледі.
Ел чемпионатында «Айсұлу» хоккей-шілерінің ұтылыссыз мәреге жетіп, бірінші орын алатындай мүмкіндігі бар болатын. Өйткені, олар халықаралық жарыстарға жиі қатысып жүрген, көпжылдық тәжіри-бесі бар ойыншылар.
Наурыз айының 25-і мен 31-і аралығында Латвияның Вентспилс қала-сында әлем чемпионатының бірінші дивизионы «А» тобындағы командалар арасында жарыс өтеді. Еліміздің үздік хоккейшілері осы жарысқа қатысып, әлем чемпионатының жоғары дивизионына берілетін жолдаманы жеңіп алу үшін бәсекеге түседі.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив