KZ
Өскемен
+5°
переменная облачность жел 3 м/с, З
483.23 534.74 5.12

Өскеменнің қыздары қарсылас шақ келтірмей тұр

28.02.2012, 18:00 138


Кеше Өскемендегі дене-шынықтыру-сауықтыру кеше-нінде волейболдан жоғарғы лиганың «Б» тобындағы әйел-дер командалары арасында Қазақстан чемпионатының үшінші тур ойындары мәреге жетті.
Жарысқа «Астана-2» (Астана), «Жетісу-2» (Алматы облысы), «ҚазЭУ» (Алматы), «ЦСКА-ВКС» (Алматы), «Шығыс-СвинецСтрой» (Өскемен), «Қазығұрт» (Шымкент) командалары қатысты.
Өскеменнің «Шығыс-СвинецСтрой» командасы жанкүйерлердің қолдауымен тамаша өнер көрсетті. Олар алғашқы ойынды «Қазығұрт» волейболшыларымен өткізді. Кездесу басталысымен-ақ ойын тізгінін қолға алған өскемендіктер ширағырақ қимылдап, қазығұрттықтарды 3:0 есебімен ойсырата ұтты. Содан кейін «Астана-2» волейболшыларымен шаршы алаңға шықты. Ойын аса тартысты жағдайда өтті, тек бесінші партияда ғана өскемендіктердің мерейі үстем болып, бес доп айырмашылығымен жеңіске жетті.
Одан соң біздің ойыншылар «Жетісу-2» командасымен бәсекеге түсті. Олар шабуыл шебінде қысқа соққымен допты қарсыластарының алаңына инедей шаншып, шеберлік көрсетті. Қонақтардың шабуылдарын блокпен тойтарып отырды. Соның нәтижесінде қарсыластарын айқын басымдылықпен (3:0) ұтты. Сосын «КазЭУ» командасын да осындай есеппен тізе бүктірді.
Үшінші турдың қорытындысы бойынша бірінші орынды «Шығыс-СвинецСтрой» командасы иеленді. «ЦСКА-ВКС» екінші, «Қазығұрт» үшінші орынды еншіледі.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив