KZ
Өскемен
+16°
ясно жел 1 м/с, С
481.84 531.33 5.07

Өскемендік волейболшы қыздар республика чемпионы атанды

22.04.2013, 18:00 182


Алматыда волейболдан жоғары лиганың «А» тобындағы әйелдер командалары арасында өткен Қазақстан чемпионаты мәреге жетті, өскемендік волейболшылар республика чемпионы атанды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Жарысқа «Иртыш-Казхром-2» (Павлодар), «Шығыс-СвинецСтрой» (Өскемен), «Қостанай», «Қарағанды-2», «Спартак АМТ» (Теміртау), «Грация-Астана KZ» (Орал) командалары қатысты.

Чемпионат былтыр қараша айында басталып, содан бергі аралықта бес турдың ойындары өтті. Өскемендік волейболшылар Алматыдағы бірінші турда, былтырғы желтоқсанда Өскемендегі екінші турда және биыл Қарағандыда наурыз айында болған төртінші турда көш бастаған болатын.

Ал ақпан айында Оралда өткен турда «Грация-Астана KZ», соңғы турда «Қостанай» командалары бірінші орынды иеленді.

Жалпы бес турдың қорытындысы бойынша өскемендік волейболшылар республика чемпионы атанды. Екінші орынды «Қостанай», үшінші орынды «Грация-Астана KZ» командалары еншіледі.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив