KZ
Өскемен
+21°
небольшая облачность жел 4 м/с, З
478.96 533.03 5.22

Ата-аналар сайысқа түсті

1.03.2012, 18:00 144


«Қазақстан» ұлттық телеарнасынан көрсетіліп жүрген отбасылық-спорттық «Толағай» сайысы Үлкен Нарын ауылындағы Қ. Дамитов атындағы орта мектебінде де дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.


Отбасылық-спорттық сайысқа Құнан-баевтардың «Сұңқар», Исабаевтардың «Батыр», Құмаровтардың «Барыс», Молдабаевтар мен Қасықовтардың «Тұлпар» тобы қатысты. Жарыс басталар алдында мектеп директоры Сәуле Исабаева оқушылар мен ата-аналарға сәттілік тіледі.
Жеті кезеңді қамтыған аталмыш бәсекеде білім мен спорт саласынан бақтарын сынаған топтар викториналық сұрақтарға да жауап берді.
Сайыс аяқталған соң ойынға қатысқан топтар «Мықты», «Батыл», «Алғыр» және «Епті» аталымдары бойынша мақтау қа-ғаздарымен марапатталды. Бұл шараның өтуіне Қадыровтар демеушілік жасады.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив