KZ
Өскемен
+12°
ясно жел 1,2 м/с, ОШ
480.11 532.25 5.14

Астананың 600 келілік торты Гиннестің рекордтар кітабына енуге лайық

8.07.2013, 18:00 177


Астананың туған күніне орай әзірленген 600 келілік торт Гиннестің рекордтар кітабына енуі әбден мүмкін. Мерекелік тортты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі кесіп, балғындарға тәтті нанды өз қолымен таратты.

Мереке арнайы пісірілген тәтті нан «Хан Шатыр» сауда орталығына қойылған болатын.

Рекордтық пішіндегі тортты әзірлеуге қаланың үздік аспаздары бір кісідей атсалысты. 200 келі ұн, 250 келі қант және 15 аспаздың 5 күндік еңбегі 600 келілік тәтті тортты дүниеге әкелді.

Биіктігі жарты метр болатын торт бетінен Астана қаласының мақтанышына айналған ғимараттарды да тамашалауға болады.

Мерейтой дастарқаны үшін арнайы әзірленген алып торттан қала тұрғындары мен қонақтары күні бойы дәм татты.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив