KZ
Өскемен
+20°
пасмурно жел 2 м/с, В
481.84 531.33 5.07

Бразилияда аспаннан 30-килограммдық темір шар құлаған

24.02.2012, 18:00 150


Бразилияның солтүстік штаты Мараньянда 22 ақпан күні аспаннан белгісіз темір шар құлады. Шардың диаметрі бір метрге жуық та, салмағы 30 килограмм.

Риашу ауылының тұрғындары көктен түскен темір шарды алғашқы көргендер қатарында оның құпиясына үңілуде, деп жазады Newsru.com, MR Noticias сайтына сілтеме жасап. Жергілікті тұрғын Хосе Валдир Мендеса сәрсенбі күні таңертең ертемен жергілікті уақыт бойынша 06:00 шамасында қатты құлаған нәрсенің дыбысын естіген. Одан кейін өз үйінің жанында жарылыс болғандай әсерде қалған. Кейін ол өзінің бақшасы аумағынан жоғарыда айтылған жұмбақ шар темірді тауып алды.

Шар темірден құйып жасалғандай, оның кішкене ғана тесігі бар. Шардың іші қуыс, оны көтеріп, ішіне бірдеңе салса, сиятын сияқты, деп жазады басылым.

BNews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив