KZ
Өскемен
+20°
пасмурно жел 2 м/с, В
481.84 531.33 5.07

Бакуде ресей автокөліктерін такси ретінде пайдалануға тыйым салынады

19.02.2012, 18:00 109


Бакуде 2012 жылдың 1 мамырынан ресей автокөліктерін такси ретінде пайдалануға тыйым салынады. Бұл туралы Көлік министрлігінің баспасөз қызметінің басшысы Намиг Гасанов хабарлады7

Оның сөзіне қарағанда, ел астанасында 1 мамырдан бастап такси ретінде «Лондон таксиі» және өзге де ақ түсті автокөліктер жұмыс істейді.

«Жүргізушілерге қатысты әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексінің 150.4 бабына сәйкес, лицензиясы жоқ және ресей автокөлігін такси қызметіне пайдаланған жүргізушілерге 100 манат көлемінде айыппұл салынып, жұмысын жалғастыруға тыйым салынады», - делінген құжатта.

Н.Гасанов Бакуде 5 мың автокөлікке лицензия беру жоспарланып жатқанын атап өтті.

«Лондондық таксиді» қоспағанда таксидің барлық автокөліктері ақ түсте болуы тиіс», - деді ол.

Мәлiметтiң көзi: BNews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив