KZ
Өскемен
+22°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, В
471.83 505.66 5.4

Бокс: Қазақстан - Ресей 5:5

18.02.2012, 18:00 83


«Достықта» өткен «төртеудің турнирі» аяқталды. «Аламан» ұлттық спорт порталының мәліметінше, сайыстың соңғы күні Қазақстан мен Ресей спортшылары кездесті. Үндістер мен француздар жігіттерімізге қарсы дәрменсіздік танытты.

Алайда, Ресей құрамасы әлемдік бокстың бір тұтқасын ұстап тұрғандықтан өзімен санастырды.

Ресей құрамасыныңбоксшылары: 49 келідегі Миша Алоян мен 52 келідегі Давид Айрепетян жарақаттарына байланысты шаршы алаңға шыққан жоқ. Оларға бірден жеңіліс жазылды.

Кездесудің шымылдығы Ғани Жайлауов пен Альберт Селимовтың жекпе-жегімен ашылды. Ғани ресейліктен бір ұпайлық айырмамен жеңілді. Сергей Водопьяновпен қолғап түйістірген Қанат Әбутәліпов те жеңілістің ащы дәмін татты. 64 келі салмақ дәрежесінде шыққан Данияр Елеусінов Александр Соляниковты оңай жеңіп командасын алға шығарды. Жанкүйерлер тағатсыздана күткен жекпе-жектің де уақыты келіп жетті. Шаршы алаңға әлемнің екі дүркін чемпионы Серік Сәпиев пен ресейлік Андрей Замковой шақырылды. Серік қарсыласын 14 :4 есебімен айқын басымдықпен ұтып, 2009 жылы Миланда кеткен есесін қайтарды.

75 келіде Данабек Сужанов пен Еуропа чемпионы Максим Коптяков қолғап түйістірді. Жерлесімізден әлдеқайда мықтырақ көрінген Коптяковтың бокстасу деңгейі шын мәнінде де жоғары екен. Ресейлік боксер Данабекті тырп еткізбей таза жеңді.

81 келідегі Әділбек Ниязымбетов пен Егор Мехонцев арасындағы бәсеке өте тартысты өтті. Екі боксшының арасын екі-ақ ұпай бөлді. Сан соқтырған ұпайлар ресейліктің пайдасына жазылды.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив