KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 4 м/с, СБ
441.44 473.09 4.75

Павлодарда ұсталған азаматты өз кабинетінде ұрып-соққан полицей сотталуда

15.02.2012, 18:00 129


Павлодар қаласының №2 сотында ұсталған азаматты ұрып-соғуда айыпталып жатқан Павлодар қ.ІІБ патрульдік полиция батальоны бөлім командирінің үстінен сот басталды. Бұл туралы Қазақстан жаңалықтары АА-ға сот баспасөз қызметшісі Мейрамгүл Әбілғазина мәлімдеді.

Тергеу нұсқасы бойынша, патрульдік полиция батальонының бөлім командирі өзге полиция қызметкерлерінің қатысуымен міндетін орындау кезінде ұсталған азаматтың басынан ұрып, жерге құлаған соң тепкінің астына алған.

«Мұның бәрі полицейдің қызметтік кабинетінде болды», - деп атап өтті соттың баспасөз қызметінен.

Павлодар қ.ІІБ патрульдік полиция батальонының бөлім командиріне қызметтік лауазымын асыра пайдаланды деген айып тағылуда.

Мәлiметтiң көзi: Қазақстан жаңалықтары




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив