KZ
Өскемен
+25°
пасмурно жел 5 м/с, В
439.43 473.31 4.82

Рейхерд пен Колмаков үздік үштікте

12.12.2017, 05:07 105

Финляндияның Рука тау шаңғы шипажайында өткен фристайлдан Әлем кубогының бірінші кезеңі шығысқазақстандық спортшылар үшін тамаша нәтижемен аяқталды.


Ерлер арасындағы могул сайысында бақ сынаған өскемендік фристайлшы Дмитрий Рейхерд 85,11 ұпай жинап, қорытынды есепте екінші орынға жайғасса, тағы бір жерлесіміз Павел Колмаков 84,44 ұпаймен үшінші орыннан табылды. Осы ретте бұған дейін фристайлдан өткен Әлем кубогының кезеңдерінде екі бірдей қазақстандық спортшы жеңіс тұғырына көтеріліп көрмегенін айта кеткен орынды. Біздің жігіттер 87,45 ұпай жинап, сайыс жеңімпазы атанған канадалық Микаэль Кингсбериге ғана жол берді.


Өкінішке қарай, бұл күндері қыздар бәсекесінде сынға түскен шығысқазақстандық спортшылардың жолы болмады. Барлығы 54 фристайлшы қатысқан сайыста Аяулым Әміренова 35-ші, ал Юлия Галышева 39-шы орындардан көрінді.


Айта кетейік, фристайлдан Әлем кубогының келесі кезеңі 16 желтоқсанда Қытай елінде өтпек.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив