KZ
Өскемен
+19°
переменная облачность жел 3 м/с, СШ
476.27 515.47 5.41

Тағдырлар тоғысатын мекемеде

8.02.2012, 18:00 138


Бүгінгі таңда Аягөз ауданында 75000-нан астам халық тұрады. Айына орта есеппен алғанда 130 бала дүниеге келеді. Яғни, айына осынша сәби АХАЖ (ЗАГС) органы арқылы тіркеледі деген сөз, соның ішінде басқа қалада туған балалар да бар.

Ауданымызда отбасын құрушылар да аз емес. Әсіресе, жаз мезгілінде некенің көп тіркелетіндігін айтпай кетуге болмайды. 2011 жылы - 580 адамның некесі қиылды. Өкінішке орай, жыл сайын үйленгендердің он пайызы түрлі себептерге байланысты ажырасып жатады.
- Қазіргі таңда Азаматтық хал актілерін тіркеу кезінде кездесетін әкімшілік тосқауылдарды, поштамен жөнелдіретін қаржы шығынын, халықтан талап етілетін құжаттар тізбесін қысқарту мақсатында 2011 жылдың 7-маусымынан бастап, республика бойынша 2007 жылдың тамыз айынан бері АХАЖ ақпараттық жүйесіне актілік жазбаларды іздеу, қарау және басып шығару қызметі енгізілді, - дейді Азаматтардың хал актілерін тіркеу мекемесінің басшысы Әсия Абдуллақызы. - Нәтижесінде, қарапайым халықты азаматтық хал актілерінің тіркелгенін растайтын немесе басқа да құжаттарды ұсынудан босатады. Уақытын үнемдейді. Ал, АХАЖ бөлімі азаматтық хал актілерін растайтын қажетті актілік жазбаны жедел сұратып ала алады.
Сонымен қатар, «Электрондық үкімет» порталын дамыту мақсатында интернет арқылы некеге тұру туралы өтініш берудің жаңа электрондық қызметі берілген «Электрондық үкімет» порталында толтырылады.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив