KZ
Өскемен
+12°
переменная облачность жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

«Торпедо» жеңіп тұрып жеңіліп қалды

14.12.2018, 03:41 164


Жоғары хоккей лигасы тұрақты чемпионатының кезекті турында Татарстанның Альметьевск қаласында жергілікті «Нефтяник» командасымен кездескен өскемендік «Торпедо» қарсыласына қосымша уақытта 2:3 есебімен жол берді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Айта кетейік, бұл матч барысында жерлестеріміз айдын иелерін екі шайба айырмасымен жеңіп жатқан болатын. Екі шайба да бірінші кезеңде соғылды. Алдымен команда капитаны Александр Шин, артынша қорғаушы Андрей Виноградов көзге түсті. 2:0. Бұл есеп кездесудің 59-шы минутына дейін сақталды. Алайда, татарстандық хоккейшілер ойынның аяқталуына дейін қалған бір минуттің ішінде «Торпедо» қақпасынан екі мәрте саңылау тауып, таразы басын теңестіріп үлгерді.


Абдырап қалған торпедолықтар қосымша уақыттың басында өз қақпаларына тағы бір шайба өткізіп, осылайша қолда тұрған жеңістен айырылып қалды.


Қазір қоржынында 36 ұпайы бар өскемендік ұжым турнир кестесінің 15-ші сатысында орналасуда. Келесі кездесуін жерлестеріміз 17 желтоқсан, дүйсенбі күні өз айдынында пензалық «Дизельмен» өткізбек. Бұл ойын кешкі сағат 17.00-де басталады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив