KZ
Өскемен
туман жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

"Торпедо" өз алаңында тағы жеңіліп қалды

11.02.2019, 04:39 188

«Торпедо» екі шайба айырмасымен жеңіп тұрып, жеңіліп қалды. Жоғары хоккей лигасы тұрақты чемпионатының 51-ші турында өз айдынында Қорғанның «Зауральесін» қабылдаған өскемендік ұжым қарсыласына 3:4 есебімен жол берді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Айта кетейік, жерлестеріміз бұл кездесудегі барлық шайбасын алғашқы екі кезеңде соғып тастады. Алдымен Андрей Белозеров, артынша Никита Куракин мен Евгений Рымарев көзге түсті.


Өкінішке қарай, бұдан кейін шайбалар тек қана «Торпедо» қақпасына соғылды. Қазіргі уақытта 67 ұпаймен турнир кестесінің тоғызыншы орнында келе жатқан «Зауралье» матчтың шамамен 25-ші минутынан бастап шындап іске кірісті. Екінші кезең соңына дейін таразы басын теңестіріп үлгерген қонақтар үшінші жиырмаминуттықта айдын иелерінің қақпасынан тағы бір рет саңылау тауып, аса сәтсіз басталған ойынды өз пайдаларына аяқтады.


Осы жеңілісінен кейін қоржынында 54 ұпайы бар өскемендік ұжым жарыс кестесінің 16-шы орнына сырғыды. Кеше кешке жерлестеріміз өз айдынында челябілік "Челметпен" кездесіп, 7:3 есебімен жеңіске жетті. Бұл ойында "Торпедо сапында Аркадий Шестаков, Евгений Рымарев, Александр Шин, Кирилл Полозов (дубль), Станислав Заборников пен Дмитрий Стуловтың қанжығасы майланды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив