KZ
Өскемен
-6°
ясно жел 2 м/с, СШ
495.95 524.37 4.98

ШҚО полицейлері ұрланған 21 бас жылқыны жылдам тауып берді

6.12.2018, 04:16 82


Семейдің тәртіп сақшылары қолды болған 21 бас  жылқының ізін суытпай тауып берді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


4 желтоқсан күн түн ауа 51 жастаға ауыл тұрғыны полицейлерге шағым түсірген. Айтуынша, 20 қараша - 3 желтоқсан аралығында белгісіз біреулер оның тебіндегі  жылқыларын біртіндеп ұрлап әкетіп отырған. Знаменка ауылынан 10 шақырым қашықтықта жайылған жылқының айналасынан із кескен тәртіп сақшылары алдымен маңайдағы қыстақтарды тексереді. Көп ұзамай күдікті де қолға түседі. Оның қорасынан  жоғалған жылқының бесеуі табылған. 48 жастағы күдікті өз қылмысын мойындап, 16 басты сатып жіібегенін де жасырмай айтады.


ШҚО ПД баспасөз қызметі мәлімдегендей, күдікті қазір қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталып кеткен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу