KZ
Өскемен
+24°
переменная облачность жел 4 м/с, ОШ
478.93 534.96 5.16

«Алтай» Әлем чемпионатын жеңіліспен бастады

4.12.2018, 11:53 283


«Алтай» арулары волейболдан клубтық Әлем чемпионатын жеңіліспен бастады. Қытайдың Шаосин қаласында жалауын желбіреткен жаһандық доп додасының бірінші ойын күнінде жерлестеріміз түркиялық «Эджзаджибаши» командасынан ойсырай ұтылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Үш-ақ партияға созылған матчта Юрий Панченко шәкірттері қоржынға бар болғаны 36 ұпай ғана түсіре алды. Бұл кеште біздің команда сапында ең нәтижелі өнер көрсеткен Наталья Маммадова (10 ұпай), Сана Анарқұлова (алты ұпай), Ольга Дробышевская (бес ұпай), Кристина Аниконова (үш ұпай), Ботагөз Сәрсенбаева мен Наталья Шаршакова (екеуінде де екі ұпай) болды.


Соған қарамастан, біздің қыздар стамбулдық волейболшыларға бірде-бір партияда лайықты қарсылық көрсете алмады. Үш кезеңдегі есеп 10:25, 11:25, 15:25.


Осылайша, Әлем біріншілігінің алғашқы күнінен кейін алтайлықтар нөл ұпаймен В тобының соңғы орнында тұр. Ертең Қазақстан чемпиондары бразилиялық «Дентил Прайя» волейболшыларымен шеберлік байқасады. Аталмыш ұжым жарыстың шымылдықашар ойынында биыл Өскеменде өткен Азия біріншілігінде топ жарған тайландтық «Суприм» командасын 3:0 (партиялардағы есеп 25:22, 25:16, 25:14) талқандады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив