KZ
Өскемен
+19°
переменная облачность жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

ӘЧ: «Алтай» 7-8 орындар үшін таласады

7.12.2018, 04:28 168


«Алтай» арулары волейболдан Қытайдың Шаосин қаласында өтіп жатқан клубтық Әлем чемпионатының топтық кезеңінде бірде-бір ойында жеңіске жете алмай, соңғы орында қалып қойды. Енді жерлестеріміз 7-8 орындар үшін кездесуде А тобының аутсайдерімен шеберлік байқасатын болады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Естеріңізге салайық, жаһандық доп додасының бірінші ойын күнінде жерлестеріміз түркиялық «Эжзажибаши» командасынан ойсырай ұтылды. Үш-ақ партияға созылған матчта Юрий Панченко шәкірттері қоржынға бар болғаны 36 ұпай ғана түсіре алды. Бұл кеште біздің команда сапында ең нәтижелі өнер көрсеткен әзірбайжандық легионер Наталья Маммадова (10 ұпай) мен капитан Сана Анарқұлова (алты ұпай) болды. Осындай нәтижелілігіне қарамастан, қыздарымыз стамбулдық волейболшыларға бірде-бір партияда лайықты қарсылық көрсете алмады. Үш кезеңдегі есеп 10:25, 11:25, 15:25.


Бұдан кейін бразилиялық «Прайя» командасына қарсылас атанған жерлестеріміз тағы сол 0:3 есебімен жеңілуге мәжбүр болды. Ең өкініштісі, аталған ойында алтайлықтар бірде-бір кезеңде өздерінің ұпайлары санын тым болмағанда 20-ға дейін жеткізе алмады. Партиялардағы есеп 14:25, 16:25, 17:25 бразилиялықтардың пайдасына.


Жерлестеріміздің тайландтық «Суприм» командасымен өткізген ойынында да жолдары болмады. Естеріңізге салайық, Чонбури қаласының волейболшы қыздары биыл шілде айында Өскеменде өткен Азия біріншілігінің жеңімпазы атанған-ды. Алтайлықтар сияқты екі ойыннан кейін нөл ұпайға ие Тай елінің арулары топтық кезеңнің соңғы кездесуінде жеңіс үшін барын салып, өскемендік ұжымды 3:1 (25:23, 25:20, 17:25, 25:17) есебімен тізе бүктірді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив