KZ
Өскемен
+19°
переменная облачность жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

«Алтайдың» тарихи жеңісі

8.12.2018, 12:45 173


Қытайдағы Әлем чемпионатында өнер көрсетіп жатқан «Алтай» волейболшылары тарихи жеңіске қол жеткізді. Біздің қыздар аутсайдерлер айқасында қытайлық «Чжэцзян» командасын тізе бүктіріп, қазақ клубтарының Әлем біріншіліктеріндегі алғашқы жеңісін тіркеді.


Топтық кезеңде сүреңсіз ойын өрнегін көрсетіп, бірде бір ұпайға ие бола алмаған Юрий Панченко шәкірттері алаң иелеріне қарсы матчта түрленіп сала берді. Әсіресе, осыған дейінгі кездесулерде де нәтижелілігімен көзге түсіп үлгерген Наталья Маммадова, Сана Анарқұлова, Кристина Аниконова сияқты волейболшыларымыздың еңбегін атап өткен орынды.


Бес партияға созылған тартысқа толы матчта «Алтай» арулары 3:2 есебімен жеңіске жетіп, осының арқасында 5-6 орындар үшін өтетін ойынға қатысу мүмкіндігіне ие болды. Кездесудегі партиялар 25:14, 18:25, 25:23, 23:25, 15:9 есебімен аяқталды.


Айта кетейік, келесі матчта біздің ұжымға А тобында төртінші орын алған франциялық «Волеро Ле Канн» командасы қарсылас атанбақ. Осы ретте, француздар бүгін тайландтық «Супримді» 3:1 есебімен жеңгенін атап өткен орынды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив