KZ
Өскемен
+18°
пасмурно жел 4 м/с, В
472.57 508.34 5.4

Дзюдошыларымыз Азия кубогінде бес жүлдеге ие болды

6.11.2018, 16:51 90


Шығысқазақстандық татами шеберлері Азия кубогі үшін жарыста бес жүлде жеңіп алды.


Ақтау қаласында өткен Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналған байрақты бәсекеге сегіз елдің мықтылары қатысқан-ды. Олардың ішінде сегіз жерлесіміз де болды. Сол сегіздің бесеуі жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ілікті.


Атап айтсақ, қола жүлдеге Нұрлан Оразалин (73 келіге дейінгі салмақ) мен Ерсін Сейітқазынов (81 келі) қол жеткізді.


Жалпы, бұл екі спортшы үшін де биылғы маусым аса сәтті болды деп толық негіз бар. Мәселен, Оразалин мамыр айында өткен «Еуропа кубогі» деп аталатын рейтингтік жарыста топ жарса, Сейітқазынов қазақ күресінен ұйымдастырылған Азия біріншілігінің чемпионы атанған. Ақтаудағы жарыста тағы бір «қолаға» 100 келіден жоғары салмақта сынға түскен өскемендік Талғат Әміренов ие болды.


Ал тұғырдың екінші сатысына Жасұлан Мұхаметханов көтерілді. 100 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Жасұлан финалдық белдесуде тәжік спортшысына есе жіберіп қойды.


Жерлестеріміздің ішінде ең жоғары көрсеткішті аса ауыр салмақтағы Әділ Оразбаев көрсетті. Финалдық жекпе-жекте Әділ грузиялық Георгий Кавтарадзеден басым түсті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив