KZ
Өскемен
+20°
ясно жел 1 м/с, С
481.84 531.33 5.07

Оқушыларды тестілеу жұмыстары тегін өткізілуі керек

11.09.2018, 10:45 200


Еліміздің білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша өткен жиын барысында Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Бектенов осылай деді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Жиын онлайн режимінде барлық өңірлерге таратылып, оған аймақтардың педагогтары, білім саласының басшылары, облыстық мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің жауапты өкілдері қатысты.


Олжас Бектенов білім беру жүйесіндегі проблемалық мәселелердің бірі -мектеп оқушылары арасында ақылы тестілеу өткізу фактілері екеніне тоқталды.


Бұл проблема барлық өңірлерде кездескенімен, мысалға Алматы облысы білім бөлімдерінің жұмысы келтірілді. Олардың нұсқауы бойынша оқушыларды ақылы тестілеу тұрақты түрде өткізіліп тұрған. Тестілеудің бағасы әрбір оқушыдан 300-ден 500 теңгеге дейін белгіленген.


Жиында Білім және ғылым министрлігіне мектептердің қабырғасында ақылы тестілеуді«мәжбүрлі» жүргізу фактілерін болдырмаудың шараларын қабылдау ұсынылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив