KZ
Өскемен
+28°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, Ю
440.9 475.95 4.82

Мешіт және мектептің жанында. Өскеменде тағы екі жол үсті көпірі салынады

18.02.2019, 10:28 122

Алдағы уақытта Өскеменде тағы екі жер үсті өткелі пайда болмақ. Оның екеуі де облыс орталығының сол жағалау бөлігінде тұрғызылатын болады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


– Қалада тағы екі жерүсті өткелін салмақпыз. Біреуі облыстық Халифа Алтай мешітінің алдындағы аялдама маңына түседі. Ол жердегі жолдан мешітке келуші жамағаттың көптеп өтетіні, айтпаса да түсінікті. Оның үстіне жаз мезгілінде бұл аумақтағы этнопарктің жұмысы қыза түседі, - деді Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар.


Екінші өткел Сәтпаев даңғылының бойындағы Назарбаев зияткерлік мектебі орналасқан аумаққа тұрғызылмақ. Бұл жерде мектепке ағылатын оқушылар нөпірін былай қойғанда, жолдың екінші бетіндегі қаз-қатар тізілген спорт сарайларына күндізгі және кешкі уақыттарда келушілер қатары бәр сәтке де азайған емес.


Қала әкімінің айтуынша, ағымдағы ақпан айында қос нысанның құжаттары мемлекеттік сараптамадан өтуде. Аталмыш рәсімдер аяқталғасын құрылыс жұмыстары басталмақ. Атап өтерлігі, бұған дейін Спорт сарайының жанында салынған алғашқы жер үсті өткелі өскемендіктер тарапынан біраз сынға ұшыраған болатын. Қала билігі онда жіберілген кемшіліктер келесі нысандарда қайталанбайды дегенді алға тартуда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив