Алматыдан пойызбен шыққан жолаушылар Өскеменге автобуспен жетті
Алматыдан пойызбен шыққан жолаушылар Өскеменге автобуспен жетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
– 9 ақпанда «Алматы–Өскемен-1» жолаушылар пойызы «Айыртау» бекетінде тоқтауға мәжбүр болды. Себебі «Ұлан-Айыртау» аумағының 127 шақырымында жүк пойызының вагоны рельстен тайып, істен шыққан, – деп мәлімдеді ШҚО ТЖД.
Құтқарушылар оқиға орнына автобустармен барып, жолаушыларды облыс орталығына жеткізді.
Оқи отырыңыз