KZ
Өскемен
+16°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, СБ
480.11 532.25 5.14

Халифа Алтай мешітінде өрт құрбаны болған 5 балаға құран бағышталды

8.02.2019, 12:24 113

Бүгін, ақпанның сарышұнақ аязына қарамастан Өскемен қаласының тұрғындары қасиетті жұма күні Халифа Алтай атындағы орталық мешітке жиналып, Астана қаласында өрт құрбаны болған бес баланы еске алды.


Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасының Өскемен өңіріндегі өкіл имамы Ермек қажы Мұқатай балалардың рухтарына арнап құран қатым бағыштады.


- Бүгін Шығыс Қазақстанның 19 ауданы мен қаласындағы барлық мешіттерде өрт кезінде қайтыс болған балалардың рухтарына арнап құран оқылуда, - деді, имам Ермек қажы Мұқатай жиналғандарға арнаған өз сөзінде. – Біз, еліміздің барша тұрғындарымен бірге қайғырып, орны толмас ауыр қазаға ортақтас екенімізді жеткіземіз.


- Бұл аса ауыр қайғы. Халқымызда «Қайғыны бөліссе азаяды» деген дана сөзі бар. Біздің жерлестеріміз сәбилерінен айрылып, қазадан жұтып отырған ата-анасының басына түскен ауыр жүкті бөлісіп, көңіл айтады. Біз бүгін мұнда, осындай ауыр қаза жағдайларында, халқымызға тән шынайы жанашырлық және күйзеліс ниетімен жиналдық. Алла біздің шаңырақтарымыздан ешқашан сәби күлкісінің үзілмеуін жазсын, - деді мәдениет, спорт, туризм, ақпарат қызметкерлері кәсіподағының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Түсіпхан Түсіпбеков

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив