KZ
Өскемен
+13°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
485.11 523.82 5.02

"Қағазсыз, үстелсіз, микрофонсыз". Өскеменнің әкімі халыққа ерекше түрде есеп беріп жатыр

4.02.2019, 04:50 175

Бүгін жылдағы дәстүр бойынша Өскемен қаласы әкімінің халықпен есепті кездесулері басталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Көзге бірден байқалғаны, қала әкімі бірінші кездесуді ЖМК ықшам ауданында орналасқан 47 орта мектепте жаңа форматта бастады. Жиынды әдеттегідей жүргізуші бастап, одан қала әкіміне құрметпен сөз берусіз, қала әкімінің мінберден маңғаз баяндама жасауынсыз өтті.


Жақсылық Омар жұрт алдына өзі ғана шығып, 2018 жылы атқарылган шаруаларды үлкен экрандағы слайд арқылы екі тілде нақты да ұғынықты етіп баяндап шықты. Сондай-ақ сахнадағы жазулар да толық латын әріптерімен жазылды. Бір жарым сағатқа созылған жиынға ЖМК ықшам ауданы, А. Куленев, Жыланды кенттері және қаланың Сол жағалау бөлігі тұрғындары қатысып, өздерін толғандырган сауалдарға қала әкімінен нақты жауап алды.


Еске салсақ, алда қаланың әр ауданында дәл осындай тағы бес кездесу өтпек. Ал түстен кейін сағат төртте Жақсылық Омар Меновное ауылында Прудхоз, Самсоновка, Новотроицкое, Ахмер және 28 тұрғын ауданы тұрғындарымен кездесіп, есеп беріп тұрғындардың проблемаларын тыңдап қайтады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив