KZ
Өскемен
+23°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОШ
478.93 534.96 5.16

Өскемендіктер тұрақтандыру қорының сарымсағын сатып алғысы келмейді

21.01.2019, 08:35 225

Қалалық кәсіпкерлік бөлімінің қызметкерлері«45-ші гастроном» мен «Алтай» базары маңындағы тұрақтандыру қорының өнімдерін саудалайтын дүңгіршекке барып, ондағы әлеуметтік өнімдердің бағасын қадағалады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Рейд барысында өзін Роза деп таныстырған саудагер сарымсақтың өтпей тұрғанын атап өтті. Себебі көкөністің бұл түрі өніп кеткен. Сондықтан айдың соңына қарай 10 келіге жуық сарымсақты қайтадан делдалдың өзіне қайтарып беруге тура келеді екен.


– Орамжапырақ, картоп, сәбіз сияқты өнімдерге деген сұраныс жоғары. Өйткені бағасы қолжетімді, - деген Роза тұтынушылардыалдамай, жарамсыз өнімдерді бірден сауда сөрелерінен алып тастайтынын жеткізді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив