KZ
Өскемен
+4°
ясно жел 3 м/с, З
483.23 534.74 5.12

Қытайда қазақтың қымызы өндіріле бастады

10.01.2019, 03:09 160

Қазақ қымызының қызығын Қытай елі де көріп отыр. Қытайдың Іле қазақ автономиялық облысында «Арыс» сауда белгісімен ұзақ уақыт сақтауға болатын қымыз нарыққа шығарылды. Қытайда қымыз бағалы, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі 24.кз сайтына сілтеме жасап.


Осы кешенде «Арыс» сауда белгісімен өндіріліп жатқан қымызды алты айға дейін сапасын жоғалтпай сақтауға болады. Мұндағы барлық өндіріс жүйесі автоматтандырылған. Ал қажетті озық техникалардың кейбірін Германиядан тапсырыспен алдырған.


Нарықта 750 мл ыдысқа құйылған «Арыс» 28 юаньға (теңгеге шаққанда 1500 теңге) сатылса, ал 300 мл ыдысқа құйылғаны 12 (650 теңге) юаньға бағаланған. Кәсіпорын жазғы уақытта күніне 10 тонна, қыста 1 тоннаға дейін қымыз дайындап, саудаға шығарып жатыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив