KZ
Өскемен
+29°
переменная облачность жел 5 м/с, ОШ
471.46 504.79 5.53

Күн сайын 500 литрге дейін қымыз өндірілетін болды

12.06.2012, 18:00 155



Бұл күнде ауданда «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы аясында бірқатар оңды жобалар іске асырылып жатыр. Солардың қатарында ерекше атап өтетіні - Алғабас ауылындағы қымыз өндірісін дамыту ісі.

Үш жылдан бері бие байлап, ұлтымыздың төл сусынымен жұртты қамтамасыз етіп келген алғабастық жеке кәсіпкер Асылбек Қалдешев бұдан былай бие сүтін бұрынғыша жай ғана саудаламай, барлық талаптарға сай арнайы құтылармен өндіруге бел байлап отыр. Соған орай қазіргі кезде қымыз цехының ғимараты жөнделуде. Кәсіпкердің айтуынша, жобаның жалпы құны – 42 миллион теңге. Жоба аудандық «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасына енгізіліп, мемлекет тарапынан қаржыландырылмақ. Келешекте фермада күн сайын 500 литрге дейін қымыз өндірілетін болады.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz








Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив