KZ
Өскемен
+12°
ясно жел 1 м/с, С
481.19 538.45 5.18

Алакөл жағасындағы қонақүй құрылысына 1,5 млрд теңге жұмсалады

7.01.2019, 09:30 161

Былтыр Алакөлдің Шығыс Қазақстан облысындағы жағалауына 700 мыңға тарта турист келіп демалған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі 24 кз сайтына сілтеме жасап.


Биыл бұл көрсеткіш бір миллионнан асады деген болжам бар. Сондықтан көл жағасын көркейтіп, заманауи демалыс орындарын салу жалғасатын болады. Ол үшін мемлекет қазынасынан бөлек, кәсіпкерлер қаражаты да инвестиция ретінде құйылмақ. Құны 1,5 миллиард теңге болатын төрт жұлдызды қонақүй, 230 миллион теңге тұратын сауық-сайран орталығының құрылысы осындай инвестициялар арқылы жүзеге асырылмақ.


Сонымен қатар 50-ден астам кәсіпкер өз жобаларын дайындап, жер телімдерін алуға өтініш беріп отыр. Жағалауды бекіту жұмыстары да алдағы жазда қолға алынады.


Үржар ауданының әкімі Серік Зайнулдиннің айтуынша, көл жағасында төрт және бес жұлдызды қонақүйлер, мейрамханалар салуға арнайы жер телімдері қарастырылған. 60 гектарды құрайтын аумаққа жерге инфрақұрылым тартуға көзделген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив