ШҚО-да «Мигрант» ЖАІШ басталды
2022 жылдың 10 наурызы мен 17 наурызы аралығында Шығыс Қазақстан облысында «Мигрант» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде.
Полиция қызметкерлері елдегі шетелдіктердің көші-қон заңнамасын бұзу фактілерін анықтау мақсатында рейд жүргізеді.
- Осы уақыт аралығында тәртіп сақшылары «Халықтың көші-қоны туралы» Заңның талаптарын сақтау бойынша және қоныстанған шетелдіктер туралы хабарлау туралы түсінік жұмыстарын жүргізеді. Шетелдіктердің тұрақты және уақытша тұрғылықты жері бойынша тиісті тіркелуін және бақылауын қамтамасыз ету, шетелдіктердің елімізде болу ережелерін бұзу фактілерін анықтау мақсатында базарларды, құрылыс алаңдарын, сауда үйлерін және қызмет көрсету орындарын тексеруге рейдтер жүргізіледі,- деді ШҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Максим Пупков.
Полиция департаменті облыс аумағында жүрген және уақытша тұруға ықтиярхатсыз немесе жеке басын куәландыратын құжатсыз тұратын шетелдіктерге тұрғылықты жері бойынша көші-қон қызметінің бөлімшелеріне хабарласу қажеттілігін хабарлайды.