KZ
Өскемен
+15°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
443.72 482.28 4.9

ШҚО-ның орталығында «Алтай-арена» қашан салынады?

Фото: шартты сурет

14.04.2023, 19:33 320

Өскеменнің 19 ықшам ауданында жаңа мәдени-спорттық кешен пайда болады. Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов мәлім етті. 

Аймақ басшысының айтуынша, аталмыш орталықтың аумағында музей, бассейн мен спорт залдары сияқты бірқатар нысан орналаспақ, деп хабарлайды Altaynews тілшісі. 

– Жуық арада қаламызда тағы бір ауқымды құрылыс жұмысын бастауды жоспарлап отырмыз. Болашақта «Алтай-арена» деген шартты атауға ие болатын нысанның қала тұрғындарының сүйікті демалыс орындарының біріне айналатынына сенемін. Кешеннің ішінде тарихи-өлкетану музейі, көркемөнер музейі, заманауи бассейн мен спорт залдары болады. Онда түрлі мәдени-көпшілік және спорттық іс-шаралар өткізіледі деп жоспарлануда. Нысанның орналасатын жері де белгілі. Ол – 19 ықшам ауданның орта тұсы, – деді облыс әкімі.

Аймақ басшысының айтуынша, арена ықшам ауданды қақ жарып өтетін аллеяның маңынан бой көтермек. Әзірге нысанның қашан салынып бітетіні және жобаға қанша қаражат бөлінетіні туралы ешқандай ақпарат жоқ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив