KZ
Өскемен
-2°
пасмурно Штиль
522.38 612.6 6.54

Шығыста шағын және орта бизнес 152 мың адамды жұмыспен қамтып отыр

20.11.2025, 13:00 138 Ержан Әбіш

ШҚО-дағы шағын және орта бизнес өңір экономикасын нығайта түсуде. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов мәлімдеді, деп хабарлайды Altainews.kz.

Аймақ басшысының айтуынша, шағын және орта кәсіпкерлік әлі де аймақтың негізгі экономикалық қозғаушы күші саналады және қазіргі таңда 152 мың адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

Биылғы жылдың басынан бері мемлекеттік қолдау тетіктері белсенді қолданылып, кәсіпкерлікті дамытуға жалпы көлемі 92 млрд теңге бағытталды. Бұл қаражат жергілікті бизнестің өсімін қамтамасыз етуге, жаңа жобаларды іске асыруға және өңірдің экономикалық тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік беруде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу