Ashyq-тан тағы да ақау шықты
Ashyq қосымшасынан тағы да ақау шықты. Бұл туралы ақпаратты жоба әкімшілері Telegram-арнасында жариялады.
"Құрметті Ashyq қызметін қолданушылар, қосымша жұмысынан техникалық ақаулар байқалды. Уақытша келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін тұрғындар Ashyq қосымшасы жұмысына бірнеше рет шағымданған болатын. Соңғы рет қосыша жұмысындағы ақау 27 мамырда байқалған еді