KZ
Өскемен
+11°
ясно жел 1,4 м/с, ОШ
480.11 532.25 5.14

Дүкеннен спирттік ішімдіктер мен темекі ұрлаған - Таврия

19.01.2021, 09:59 230

Қаңтар айының басында Ұлан ауданы ПБ «102» жедел арнасына 57 жастағы Таврия ауылының тұрғыны белгісіз адам дүкен терезесін шағып, ол жерден 95 мың теңгенің затын ұрлағанын хабарлаған. Ұрланған заттардың ішінде спирттік ішімдіктер, темекі және газды от тұтатқыш болған.

Аталған қылмысты ашу мақсатында тұрғын үй массивтері, көршілес тұрған дүкен күзетшілерінен жауап алынып, аталған қылмысты ашу үшін барлық шаралар қабылданды.

- Жедел іздестіру шаралары барысында жедел ізге түсумен қылмысты жасады деген күдікпен осыған дейін сотты болған 49 жастағы Таврия ауылының тұрғыны ұсталып, күдікті қылмысты істегенін мойындаған. Іс бойынша 9 шөлмек спирттік ішімдік, 8 қорап темекі және 5 дана газды отр тұтатқыш алынды,-деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев

Аталған іс бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабы 3-бөлігі 3-тармақшасы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив