Маска таратылып, азық-түлік, дәрі-дәрмек жеткізетін еріктілер тобы құрылды – Глубокое
Глубокое ауданының Красноярск ауылдық округінде 50 маска тегін таратылды. Округте қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізу бойынша еріктілер тобы құрылды.
Сонымен қатар, мониторинг топтары тұрақты түрде сауда және халыққа қызмет көрсету объектілері бойынша рейдтер жүргізуде.
Барлық ауылдарда санитарлық нормаларды сақтау бойынша "Огни Прииртышья-Aq Bulaq" газітінің арнайы басылымы таратылды.
- Бұл шаралардың барлығы халықты сақтық шараларын сақтауға шақыру мақсатында жүргізілуде. Сондықтан карантиндік режимді сақтауды және санитарлық нормаларды қатаң сақтауды сұраймыз. Бұл COVID-19 таралу қаупін азайтады, - дейді әкімдік.